Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары болімі» мемлекеттік мекемесінің Қостанай қаласы әкімдігінің «Қостанай-Су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны (әрі қарай – Кәсіпорын) шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдастыру-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады.
Кәсіпорын Қостанай қаласы әкімінің 1999 жылғы 09 желтоқсандағы № 139 Шешімі негізінде құрылған.
Кәсіпорынның өзіндік балансы, заңнамаға сәйкес банктерде есепшоттары, бланктері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы және Кәсіпорын атауы бейнеленген мөрі бар.
Мемлекеттік кәсіпорын – табиғи монополия субъектісі жергілікті атқарушы органның және мемлекеттік органның келісімімен табиғи монополиялар саласында және реттелмелі нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын басқа заңды тұлға құра алады, сондай-ақ оның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алады.