Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қазақстан Республикасында төтенше жағдай енгізу туралы» Жарлығына байланысты азаматтарды ңөмірімен денсаулығын COVID-19 жаңа коронавирусынан қорғау мақсатында 2020 жылғы 16 наурыздан 2020 жылғы 15 сәуірге дейін төтенше жағдай жарияланды.
«Қостанай-Су» МКК төтенше жағдай кезінде кәсіпорын нысандарына баруға уақытша шектеу енгізді.
2020 жылғы 30 наурыздан бастап төтенше жағдай аяқталғанға дейін «Қостанай-Су» МКК кассаларындағы төлем жұмысы тоқтатылды.
Осыған байланысты қызметтер үшін төлемді «Astana-Plat» ЖШС, Qiwi әмиян терминалдары арқылы жүргізуге болады. Бұдан басқа, «Каспий банк» АҚ, «Форте банк» АҚ, «Халық банкі» АҚ, «Қазпошта» АҚ, «Энергия Рудный» ЖШС (кассалар қаланың барлық аудандарында орналасқан), «Еуразиялық банк» АҚ, «Jysan Bank» АҚ төлемдерді қабылдау бойынша шарттар жасалды.
Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.