«Қостанай-Су» МКК 01.01.2025 ж. бастап заңнамадағы өзгерістерге байланысты, сондай-ақ халықты ресурс үнемдеуге ынталандыру мақсатында айына бір адамға шаққандағы тұтыну көлеміне байланысты сумен жабдықтау қызметіне сараланған тарифті қолдану жоспарланып отырғанын хабарлайды. Осылайша қызметті айына 3 м3 ден артық тұтынған жағдайда бір адамға арттыру коэффициенті қолданылатын болады:
– 3 м3-тен 5 м3-ке дейін, коэффициент бекітілген тарифке 1,2-ге тең болады
– 5 м3-тен 10 м3-ке дейін, коэффициент бекітілген тарифке 1,5-ке тең болады
– 10 м3 жоғары, коэффициент бекітілген тарифке 2-ге тең болады.
Тұтынушыларға сумен жабдықтау қызметі үшін негізсіз есептеуді болдырмау мақсатында «Қостанай-Су» МКК сумен жабдықтау қызметін тұтынушылардан тұрғын үй иесінің мекенжайында тіркелген тұлғалар санын салыстыру үшін абоненттік бөлімге жүгінуді сұрайды.
Суды есепке алу аспаптары жоқ тұтынушыларда сараланған тарифті енгізу сумен жабдықтау қызметі үшін төлемнің екі есеге ұлғаюына әкелуі мүмкін екендігіне назар аударамыз!
Есептеу құралын орнату және оны уақтылы тексеру сумен жабдықтау қызметі үшін негізсіз есептеуді болдырмауға мүмкіндік береді!