«Еңбекті қорғау күнін» өткізу шеңберінде 2020 жылғы 25 маусымда «Автокөлік цех»учаскесінің қызметкерлерімен практикалық сабақ өткізілді:
1.Жұмыс жүргізу кезіндегі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау.
Қызметкерлер экскаватор машинистінің, тракторист машинистінің, станоктарда жұмыс істеу кезіндегі нұсқаулықтарының талаптарымен танысты.
Сабаққа қатысушылардың назары техниканың дұрыс жұмыс істеуіне, жол қозғалысы ережелерін сақтауға, өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға аударылды.
Өрт сөндіру кезінде қолда бар өрт сөндіру құралдарын (өрт сөндіргішті) практикалық қолдану көрсетілді.
2. Короновирусты инфекция болған жағдайда шектеу шараларын сақтау.
Қызметкерлер 2020 ж. 19.06 №95/П «Короновирусты инфекцияның таралуына жол бермеу бойынша шараларды күшейту туралы» бұйрықпен танысты, онда жұмыс орнында қорғаныш маскаларын міндетті түрде кию, антисептикалық құралдардың болуы, жұмыс бөлмелеріне, машиналар кабиналарына, тракторларға үнемі дезинфекция жасау қажеттігі белгіленген. Масса режимін бұзушыларға әкімшілік жазаға тарту шаралары қолданылатын болады.
3.Жазатайым оқиғалар кезінде дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсету әдістемесі.
Жазатайым оқиғалар кезінде дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсету бойынша «Александр-01-02» манекенде клиникалық өлім кезінде зардап шегушіге реанимациялық іс-шаралар көрсету әдістері көрсетілді. «Өкпені жасанды желдету – жасанды тыныс алу» және «Жүректің сыртқы массажын» жасау көрсетілді .
Сондай-ақ манекенде мына әдіс-тәсілдер көрсетілді :
– жарақаттану кезіндегі алғашқы көмек (қан кету);
– артериялық қан кетуді жгутпен тоқтату;
– сыну және шығу кезіндегі алғашқы көмек;
– электр тогымен зақымдану кезіндегі алғашқы көмек
Жаттығу оқудың мақсаты-қызметкерлерді қолда бар қорғаныс құралдарын пайдалана отырып, өндірістегі жазатайым оқиғаларға жол бермеу және зардап шеккендерге дұрыс, уақытылы дәрігерге дейінгі көмек көрсетуді үйрету болып табылады.