Хабарландыру
«Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ Қостанай қаласы әкімдігінің «Қостанай-Су» МКК заңда белгіленген тәртіппен тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар алдында магистральдық құбыржолдары мен тарату желілері арқылы су беру және сарқынды суларды бұру мен тазарту бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсыну бойынша кәсіпорынның 2020 жылғы қызметі туралы есеп жүргізеді.
Есеп бойынша тыңдаулар 2021 жылғы 19 сәуірде сағат 15.00-де Қостанай қаласы, Абай даңғылы, 19, «Қостанай-Су» МКК акт залында өтеді.
Қостанай қаласындағы тұрақсыз эпидемиологиялық жағдайға байланысты тыңдауларды мына сілтеме бойынша instagram әлеуметтік желісін пайдалана отырып, онлайн режимінде өткізу жоспарлануда https://www.instagram.com/kostanai_su/.
«Қостанай-Су» МКК әкімшілігі